Атырау, 8 желтоқсан 17:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Өңірлерде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады

294 рет қаралды
gov.kz

Алдағы жылдары жолдардың мерзімінен бұрын тозуын болдырмау үшін өңірлерде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады. Бұл құрылғылар қалаларға кіреберіс жолдарда, карьерлердің маңында және қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерде орнатылады, деп хабарлайды Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

  Ауыр жүк көліктерін өлшеу автоматты түрде қозғалыс барысында жүзеге асырыла береді. Бұл туралы Марат Қарабаев азаматтарды жеке қабылдау барысында мәлім етті.

Көлік министрі азаматтарды жеке қабылдады. Көлік саласына қатысты түрлі мәселелер бойынша 20 тұрғын жазылып, қабылдауға келді. Қойылған сұрақтар өңірлердегі автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына, инватакси санын көбейтуге, қоғамдық көлік пен жолаушы вагондары паркін жаңартуға, сондай-ақ жөнделіп жатқан учаскелердің сапасын бақылауға қатысты болды.

Марат Қарабаев жолаушылар тасымалына арналған вагондар паркі жыл сайын және жүйелі түрде жаңартылып жатқанын атап өтті. Биыл 226 жаңа вагон сатып алу жоспарланған. Осы кезге дейін жыл сайын шамамен 150-180 вагон сатып алынса, биылдан бастап 2029 жылға дейін жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алынады. Бұл 2029 жылға дейін жолаушы вагондары паркін толықтай жаңартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ биылғы жылдан бастап Stadler Kazakhstan зауыты да вагондарды шығаруға кірісті.

22 мамыр, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.