Атырау, 23 маусым 07:53
 бұлттыВ Атырау +27
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

​БАҚ: Портновтың жақындары мен достары оның өлімін саяси сипаттағы оқиға деп санайды

376 рет қаралды
© AP Photo / Paul White. Андрей Портновтың Мадридтегі өлтірілген жері.

Украиналық «Страна.ua» басылымының хабарлауынша, Портновтың жақындары мен достары оның өлімін саяси сипаттағы оқиға деп санайды және бұл қастандықтың жария түрде жасалғанын атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

Еске салсақ, Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің экс-кеңесшісі Андрей Портнов 21 мамырда Мадрид маңындағы Посуэло-де-Аларкон қаласында мектеп кіреберісінде атылып өлтірілген еді.

Cadena Ser радиостанциясы полиция мен жедел қызметтерге сілтеме жасап, Портновтың «Американдық мектеп» алдында таңертең атып өлтірілгенін хабарлады.

Мадрид полициясы РИА Новости агенттігіне Портновтың қаза тапқанын растады, бірақ тергеу әлі ерте кезеңде болғандықтан, қосымша ақпарат беруден бас тартты.

«Страна.ua» басылымының журналистері Портновтың жақындарымен және достарымен сөйлесіп, олардың пікірін білді.

«Бұл көрсетілімдік жаза болды – мектеп алдында, балалардың көзінше. Бұл аймақта қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде, сондықтан мұндай қастандықты ұйымдастыру оңай емес. ... Сондықтан оны балаларын мектепке түсірген сәтте өлтірді», – деді басылымға сұхбат берген белгісіз дереккөз.

Тағы бір дереккөздің айтуынша, қазіргі уақытта нақты нұсқалар жоқ, бірақ Портновтың іскерлік қатынастарына байланысты өлтірілуі екіталай.

«Сондықтан саяси себеп ықтимал. Оның кімдермен жауласып жүргені белгілі», – деп атап өтті сұхбат беруші.

Бұған дейін «Страна.ua» басылымы Портновтың Украинаның экс-президенті Петр Порошенконың қызметіне қатысты жеке тергеу жүргізгенін хабарлаған болатын.

21 мамыр, 19:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.