
«Ембімұнайгаз» АҚ-да жаңа кадрлық тағайындау болды.
Бас директорының (Басқарма төрағасының) бұйрығына және директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, Ернұр Тасеменов «Ембімұнайгаз» АҚ-ы Басқармасының мүшесі болып сайланды және бас директордың геология және игеру жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ернұр Тасеменов Атырау мұнай және газ институтын «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Жайықмұнайгаз» ұңғымаларды зерттеу операторы болып бастаған. Әр жылдарда геолог, геология бөлімінің бастығы, геологиялық барлау жұмыстары қызметінің басшысы қызметтерін атқарды.
2022 жылдан бүгінге дейін «Ембімұнайгаз» АҚ геология және барлау департаментінің директоры лауазымында еңбек етті.