Атырау, 9 желтоқсан 05:34
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

​Цифрлық трансформация: облыс мектептері AmanSultan​ платформасын енгізіп жатыр

586 рет қаралды

Атырау облысы бойынша 191 мектептің мұғалімі мен оқушылары еліміздегі жетекші цифрлық білім беру платформаларының бірі – AmanSultan жүйесіне қосылып, білім көрсеткішін заманауи деңгейге көтеріп отыр,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Платформада ҚР ОАМ сарапшылары әзірлеген 4-ші және 9 сыныптарға арналған МОДО тренажеры бар. «МОДО-2025» жаңа әдістемесіне сәйкес 460 тапсырма әзірленген. Бұл — Қазақстанда алғаш рет және AmanSultanда ғана әзірленген дайындық тапсырмалары.

Облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиеваның айтуынша, AmanSultan — мұғалімдерге (құрал ретінде) көмектесетін интерактивті алаң, мұнда әрбір мектеп тақырыбы интерактивті тапсырмалары бар қысқа анимациялық бейнелер түрінде көрсетіледі. Платформада орта мектеп пәндері бойынша 2000-нан аса анимациялық бейнероликтер, 1500-ден астам интерактивті сабақтар, 5-11 сыныптар арасында функционалдық сауаттылықты дамыту тренажеры бар.

Жүйеде жалпы 7 мыңнан астам мұғалім мен 90 мыңға жуық оқушы тіркеліп, платформаны белсенді түрде қолданып отыр.

21 мамыр, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.