Атырау, 21 маусым 09:29
 ашықВ Атырау +26
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Атырауда 22 мамырда дабыл сиренасы қосылады

481 рет қаралды
Сурет: freepik.com

22 мамыр күні сағат 09:00-де "ӨРТ-2025" республикалық оқу-жаттығуы аясында дабыл сиренасы іске қосылады. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электрлік дабыл және дауыс зорайтқыш құрылғылары қысқа уақытқа қосылады. Сонымен қатар, теледидар мен радиоарналарда хабар тарату уақытша кідіртіледі. 

Бұл шара халыққа «Баршаның назарына!» дабыл сигналына дұрыс әрекет етуді үйрету мақсатында ұйымдастырылады.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабыр сақтауға, үрейге бой алдырмауға шақырады.

21 мамыр, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.