Атырау, 9 желтоқсан 05:29
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Неліктен қағаз жүзінде мінсіз, ал іс жүзінде түк жоқ?

626 рет қаралды

Атырау облысының пайдасыз карталары, күтпеген су тасқындары және болжамды климаты туралы.

Жақында интернеттен Атырау облысының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырау қаупін көрсететін карта тап болды. Бұл картада түрлі түсті аймақтар, шартты белгілер және түрлі қауіптер – су тасқындары, өрттер, қарлы борандар мен инфекциялық аурулар қаупі көрсетілген. Сонымен қатар, жанармай бекеттері, химиялық және жарылыс қаупі бар нысандар, су басу қаупі бар аумақтар да визуалды түрде белгіленген. Бір сөзбен айтқанда, ықтимал қауіптер толық бейнеленген.

Бәрі бақылауда сияқты көрінген. 2020 жылы Қазақстан Үкіметінің отырысында сол кездегі Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев су тасқыны маусымына дайындық туралы баяндама жасады. Ол жасалған қауіп карталары, синоптиктердің болжамдары, қардың еру ұзақтығы және қабылданған шаралар туралы айтты. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев министрлік су тасқынының алдын алу үшін көлік инфрақұрылымын дайындап жатқанын мәлімдеді. Жоспарлар бекітіліп, барлық деңгейде комиссиялар құрылған.

2024 жылы жағдай презентацияларда көрсетілгендей болмады. Тұрғындар дүрбелеңге түсіп, мүлкін сақтап қалуға тырысты, үйлерін қолда бар құралдармен нығайтты, құм салынған қаптарды үйіп, суды шелектепн және мотопомпалармен сорып шығарды. Кейбір елді мекендерде тек тұрғындардың өз күш-жігерімен тиімді қорғаныс жасалды. Ал уәде етілген шаралар іске аспады.

Бір қызығы, үкімет отырысынан бір жыл өткен соң, 2021 жылғы 7 сәуірде Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті қауіп картасын жариялады. Құжатта, атап айтқанда, мыналар көрсетілген:

"Соңғы 50 жылдағы орташа көпжылдық метеостанция деректерін талдау көрсеткендей, Атырау облысының климаты арктикалық, ирандық және тұрандық ауа массаларының әсерімен қалыптасады. Қыс мезгілінде Сібір антициклонының батыс тармағынан келген ауа массалары басым. Жазда Орта Азия мен Иран шөлдерінен келген қатты қызған тропикалық ауа массалары үстемдік етеді. Климат континенттік және өте құрғақ. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері – 200 мм-ден аз. Қыс – қалыпты суық, жаз – өте ыстық (+47°C дейін). Күшті желдер мен шаңды дауылдар жиі кездеседі, әсіресе жағалау аймағында. Жылына 42 күнге дейін желдің жылдамдығы 15 м/с-тан жоғары болады. Боран - сирек құбылыс. Жазда ауа инверсиясы байқалмайды, қыс қысқа болады".

Құжатқа 2013 жылғы жел раушаны жалғанған.

"Неліктен қағаз жүзінде бәрі мінсіз, ал іс жүзінде нәтиже жоқ?" деген заңды сұрақ туындайды.

...Жоспарлар, комиссиялар, карталар, схемалар, баяндамалар, презентациялар – бәрі әдемі көрінеді. Бірақ неліктен сын сағатта тағы да мотопомпаларға, құм салынған қаптар мен көршілердің көмегіне сенуге мәжбүрмізі?

Мұның жауабы да, бәлкім, бір жерде қағадаз бетінде жазулы тұрған шығар...

Айнұр САПАРОВА

21 мамыр, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.