Атырау, 23 маусым 08:43
 бұлттыВ Атырау +27
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

ҰБТ, «Алтын белгі» және жазғы лагерлер: Атырау оқу жылын аяқтауға дайындалуда

456 рет қаралды

Үкімет отырысында 2024-2025 оқу жылын қорытындылау және оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, биыл Атырау облысында 7415 оқушы 11-сыныпты тәмәмдайды. Оның 6535-і мемлекеттік, 882-сі жекеменшік мектепте білім алған. 222 түлек «Алтын белгіге», ал 319 оқушы үздік аттестатқа үміткер. 9-сыныпты 13 605 оқушы аяқтайды, олардың 734-і үздік аттестат алуға ниетті.

Мамырдың 16-сы мен шілденің 5-і аралығында Атырау және Құлсары қалаларындағы екі тестілеу орталығында Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңі өткізіледі. Биылғы 11-сынып түлектері толық қамтылып, 13300 оқушы тест тапсырады.

Жазғы демалыс маусымына дайындық барысында 134 812 оқушыны қамту жоспарланған, бұл аймақтағы оқушылардың 93%-ын құрайды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 619,5 млн теңге бөлінген. Маусым айынан бастап әлеуметтік осал топ санатындағы 1530 балаға Ресейдің Железноводск қаласындағы “Қазақстан Геологі” шипажай-емдеу пансионатында демалыс ұйымдастырылады.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мектеп бітіру іс-шараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және балалар мен ата-аналарға суға шомылу маусымында сақтық шараларын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, жазғы лагерьлердің уақытылы ашылуы, санитарлық қауіпсіздік, тәрбиешілердің біліктілігі, сондай-ақ оқушылардың толыққанды демалуына жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

20 мамыр, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.