Атырау, 23 маусым 07:19
 бұлттыВ Атырау +27
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Әкім жалған ақпарат берген бе? Құрманғазы ауданында жол жөндеу жұмыстары түсіндірілді

Сурет
568 рет қаралды

Әлеуметтік желіде Құрманғазы ауданындағы Ақкөл, Хиуаз, Орлы ауылдарында жолдардың жасалуы жөнінде аудан әкімі Абат ЖАНҒАЛИЕВТІҢ тарапынан жалған ақпар берілген деген жазба тарады. "Тіпті жұмыс басталмаған, сонда әкім неге жалған ақпар берген?" дейді желі қолданушылары. "АЖ" жол жұмысына байланысты аудандық ТҮКШ бөліміне жүгінді. 

Аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Руслан СИРАЖЕВ жол жөндеу жұмыстарының барысы туралы ресми ақпарат жолдады.

Ақкөл ауылы

Ауылдың көшеішілік автомобиль жолдарын тротуатуарымен қоса қайта жаңғырту (автомобиль жолын қайта жаңғыртуға 10 км, тротуар 8 км) жұмыстарына 976, 4 млн теңге бөлініп, 2019 жылы "БекетСәтЖол" ЖШС-пен келісім шарт жасалды. ТҮКШ бөлімінің мәліметі бойынша, оған 7 км топырақ төгіліп, 2 км қиыршық тас төселді. 10 шақырым жол асфалтталды. Жол құрылысы материалдарының нарықтағы бағасының айтарлықтай өсуіне байланысты және жобаға кірмей қалған көшелерді енгізізуге 2024 жылғы 24 мамырдағы Атырау облысының бюджеттік комиссиясы түзету енгізілді. Жұмыс жалғасуда. Мерзімі - 10 ай. 


Хиуаз (Дәшін) ауылы

Ауылдың кірме жол, көшеішілік жол және тротуар жұмыстарына 2021 жылы 15 шілдеде "Атырау жолдары" ЖШС-пен келісім шарт жасалған еді. Жоба құны - 1 млрд 669 млн теңге. Бүгінде 5,4 шақырым жол қырып тегістеу жүргізілсе, ал 5 шақырым жолдың астыңғы қабаты төселген. Жобаға сол себептерге байланысты өзгерістер енгізілуде.

Орлы ауылы

Қайта жаңғырту жұмысын "Атырау жолдары" ЖШС бұдан төрт жыл бұрын жеңіп алған болатын. Жоба құны 849 млн теңге. ТҮКШ бөлімінің мәліметі бойынша, 9 шақырым жол қырылып тегістеліп, астыңғы қабатына топырақ төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаға түзету енгізілуде.

Аудан әкімдігі аталған ауылдарда жол жөндеу жұмыстары шынымен жүргізіліп жатқанын, бірақ мерзімдер мен сметаларға түзетулер енгізілгенін хабарлады. Дегенмен, кейбір тұрғындар бұл ақпаратқа күмәнмен қарап, ҚР Президенті Әкімшілігінің араласуын талап етуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 мамыр, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.