Атырау, 8 желтоқсан 16:53
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы ​6 маусымнан бастап Атырау облысы тұрғындарын қабылдайды

502 рет қаралды

Бүгін елордадағы «Нұрлы жол» вокзалынан  «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жолға шықты. Ол алты ай ішінде елдің 123 ауылын аралайды.

Дәрігерлер 90 000-нан астам тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отыр, оның ішінде Атырау облысының тұрғындары да бар.

6-20 маусым аралығында пойыз Атырау облысының келесі станцияларында болады: Ганюшкино, Исатай, Нарын, Аққыстау, Тұманды, Жамансор, Мұқыр және Сағыз. Азаматтарды қабылдау күн сайын 09:00-18:00 аралығында жүргізіледі.

Медициналық пойыз құрамында терапевттер, кардиологтар, хирургтер, офтальмологтар және педиатрлар сияқты 29 түрлі мамандықтағы дәрігерлер бар. Тұрғындар УДЗ, флюорография, ЭКГ тексерулерінен өтіп, анализдер тапсыра алады. Консультациялар тегін, тіпті МӘМС болмаған жағдайда да.

Жоба Samruk-Kazyna Trust қоры арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қолдауымен жүзеге асырылуда. Құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қамтамасыз етеді. Сондай-ақ пойыз құрамында медиаторлар мен заңгерлер бар, оларды Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жіберген.

Алыс елді мекендердің тұрғындары облыс орталығына бармай-ақ медициналық және құқықтық көмек ала алады.

20 мамыр, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.