Атырау, 8 желтоқсан 17:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстанда квотадан тыс және рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

286 рет қаралды
Фото: freepik.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын талап етпейтін тұлғалардың тізбесіне» түзетулер әзірледі. Құжат ағымдағы жылдың 2 маусым айына дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Түзетулер жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз бір ұйымда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылуы мүмкін шетелдік азаматтардың санын нақтылау үшін әзірленді. Енгізілетін өзгерістерге сәйкес жүз пайыздық шетелдік қатысу үлесі бар қазақстандық заңды тұлғалар өздерінің жарғылық капиталына квотадан тыс жұмысқа тек бірінші басшыны және оның бір орынбасарын ғана қабылдай алады.

19 мамыр, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.