Атырау, 25 желтоқсан 02:24
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

«Мұсылман бауырлар» қозғалысының жетекшілеріне қатысты сот отырысы шегерілді

2 288 рет қаралды

© РИА Новости. Андрей Стенин© РИА Новости. Андрей СтенинМысырдағы «Мұсылман бауырлар» қозғалысының жетекшілеріне қатысты сот отырысы келесі жылдың 29 қазанына ауыстырылды.

Партияның рухани көшбасшылары Мұхаммед Бади мен оның 2 орынбасары Хайрат әл-Шатер мен Рашат Байюми «30 шілдеде болған ереуілдер кезінде жақтастарын қантөгіске шақырды» деп айыпталуда. Бірақ олар бұл айыптауды жоққа шығарып отыр. Оппозиция басшылары шерулердің бейбіт өткендігін, мұндай жалалардың экс-Преиздент Мұхаммед Мүрсиді тағынан тайдырғаннан кейін күшейіп, оларды заңсыз қудалап жатқандығын айтты. Ал, Мысыр әскері «Мұсылман бауырлар» партиясын мемлекетке қауіпті лаңкестік топ ретінде айыптап отыр.

Дереккөз: 24.kz

26 тамыз 2013, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.