Атырау, 13 қаңтар 23:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Доссор мектебін жөндеу кезіндегі кемшіліктер үшін айыппұл салынды

528 рет қаралды

Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Доссор кентіндегі Абай Құнанбаев атындағы мектепке жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын тексеріп, құрылыс талаптарының бұзылғанын анықтады.

Нәтижесінде мердігер ұйым мен техникалық қадағалаушы компания жауапкершілікке тартылды.

- Тексеріс нәтижесінде мердігер мекеме – «Жалынды құрылыс» ЖШС-не ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 312-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Сонымен қатар, техникалық қадағалаушы – «Жаңа Консалтинг ЛТД» ЖШС-на ҚР ӘҚБтК-нің 317-1 бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды, - деп хабарлады Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сүйенсек, Құнанбаев атындағы мектепке күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млрд 37 миллионнан астам қаржы бөлінген.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

МСҚБ ұсынған суреттер

19 мамыр 2025, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.