Атырау, 12 ақпан 09:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

​"ҚазМұнайГаз" бюджет пен Ұлттық қорға 1,995 трлн теңге аударды

710 рет қаралды

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы (ҚМГ) 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті мен Ұлттық қорына 1 трлн 995 млрд теңге көлемінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді аударды.

Бұл соманың құрамына компанияның бірлескен кәсіпорындарының төлемдері де кіреді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Осы рекордтық аударымдар ҚМГ-ның барлық деңгейдегі бюджеттік кірістерді қалыптастырудағы маңызды рөлін және елдің макроэкономикалық тұрақтылығына қосқан үлесін растайды.

«Осылайша, компания Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, "ҚазМұнайГаз" – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша ұлттық оператор. Тиімді басқару мен жаңа жобаларды дамыту арқасында компания өзінің жоғары қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін сақтап келеді.

16 мамыр 2025, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.