Атырау, 21 маусым 09:16
 ашықВ Атырау +26
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Зиянды шығарындылар көлемі алты тоннаға азайды: Атыраулық экологтар ірі кәсіпорындарды бақылауға алды

673 рет қаралды

Атырау облысында қоршаған ортаны қорғау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Өңірде экологиялық ахуалды жақсарту және заңбұзушылықтарды жою мақсатында жүйелі жұмыстар қолға алынғанын ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, аймақта І санаттағы қауіптілікке жататын 83 кәсіпорын қызмет етеді. Олардың ішінде «Теңізшевройл» ЖШС, «NCOC», «Ембімұнайгаз» АҚ және «Атырау ЖЭО» ЖШС сияқты ірі өндіріс орындары негізгі ластаушы көз болып саналады. Өткен жылмен салыстырғанда зиянды шығарындылар көлемі алты тоннаға азайған. 2024 жылы 45 рет тексеріс жүргізіліп, 101 заңбұзушылық анықталған. Жалпы сомасы 42 млрд теңгеден астам айыппұл салынып, оның 26,1 млрд теңгесі өндірілді.

Сонымен қатар, өңірде ауа сапасын бақылау мақсатында автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізіліп жатыр. Қазіргі таңда 5 кәсіпорында осы жүйе орнатылған, олардың төртеуі толық іске қосылған. Қалдықтарды басқару – өңір үшін маңызды мәселелердің бірі. 168 заңсыз қоқыс орнының 125-і жойылған. Жеті компания жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын қалдықтарды өңдеу және сұрыптау жобаларын іске асыруда.

Экологиялық мәдениетті дамыту бағытында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңірлік іс-қимыл жоспары қабылданып, қоршаған ортаны қорғауға арналған бастамалар жүзеге асырылуда. Бұл шаралар аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді деп күтілуде.

16 мамыр, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.