Атырау, 23 шілде 10:48
 дождьВ Атырау +24.7
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

​Трамп әкімшілігі «Америка дауысының» 600-дей қызметкерін жұмыстан шығарды

923 рет қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі бейсенбі күні "Америка дауысы" радиостанциясының 600-ге жуық қызметкерін жұмыстан шығарды. Бұл шешім ұйымның мемлекеттік қаржыландырудан айырылуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды РИА Новости,

Мамыр айында АҚШ-тың апелляциялық соты бұрынғы қызметкерлерді қайта жұмысқа алу туралы шешімді жойды. Наурызда радиостанцияның директоры Майкл Абрамовиц ұйымдағы 1 300-ден астам қызметкердің әкімшілік демалысқа жіберілгенін, ал "Америка дауысы" жұмысының тоқтатылғанын мәлімдеген еді.

Жұмыстан шығарылғандар негізінен журналистер мен әкімшілік қызметкерлер. Кейбір бұрынғы қызметкерлер маусым айының соңына дейін АҚШ-тан кетуге мәжбүр болады, себебі олардың иммиграциялық мәртебесі осы жұмысқа байланысты болған.

АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігінің (USAGM) аға кеңесшісі Кэри Лейк бұл әрекеттерді үкіметтің бюрократияны қысқарту жоспарының бір бөлігі деп түсіндірді.

16 мамыр 2025, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.