Атырау, 21 маусым 08:57
 ашықВ Атырау +26
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

​Атырау маңындағы күкірт тауларының көлемі қандай?

829 рет қаралды

Energy Monitor хабарлауынша, Атырауға ұшып келе жатқанда Солтүстік Каспий жобасының (Қашаған) Болашақ кешенінің күкірт карталарын көруге болады.

Дәл осы күкіртті нормадан тыс сақтаудың салдарынан 5 миллиард доллар көлеміндегі айыппұл пайда болды, соған қатысты NCOC Жоғарғы сотта дауласып жатыр.

NCOC позициясы: біз күкіртті белгіленген нормадан тыс орналастырған жоқпыз, керісінше алдыңғы жылдардағы (2016 жылдан 2021 жылға дейін) қорды сақтадық.

Экологиялық кодексте күкіртті "орналастыру" және "сақтау" деген екі түрлі термин бар, ал лимит "орналастыруға" қатысты белгіленеді.

Қалай болғанда да, тау-тау болып күкіртті жылдар бойы ашық ауада сақтау жақсы емес.

Сұрақ: картада қанша тонна күкірт жиналып қалды?

16 мамыр, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.