Атырау, 23 маусым 09:28
 бұлттыВ Атырау +27
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

875 рет қаралды

Соңғы кездері Атырауда жер сілкінісі туралы ақпарат жиі естіле бастады. Кейінгі екі айда кемінде екі жер сілкінісі тіркелді. Екеуі де Атырау облысы Жылыой ауданында болды. 

Жері негізінен шөлді және шөлейтті болып келетін Атырау өңірі сейсмикалық қауіпті аймаққа жатпайды деген пікір бар қоғамда. Өңір таулы аймаққа жатпағандықтан мұнда жер сілкінісі болмайды деп ойлайтындар жергілікті тұрғындар арасында да табылады. Олай болса, жер астындағы дүмпулер нені білдіреді? 

Теңіз кен орнындағы дүмпулер

11 мамыр күні Теңіз мұнай-газ кен орны аумағында 4,2 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы әуелі жұмысшылар хабарлады. Олар дірілді сезген. Куәгерлердің сөзінше, жер сілкінісі 5 секундқа созылған. Теңіз кен орны Атырау қаласынан 160 км жерде орналасқан.

«Теңізшевройл» компаниясының баспасөз қызметі жер сілкінісі болғанын растап, оның персонал мен өндіріске әсер етпегенін хабарлады. 

Сейсмологтар әртүрлі баға берді. АҚШ-тың геологиялық қызметі жер сілкінісінің Жаңа Қаратон ауылынан 32 шақырым жерде оңтүстік-оңтүстік батыс бағытына қарай 154 км жерде болғанын, жер сілкіну ошағы 10 км тереңдікте болғанын тіркеді.  Еуропа-Жерорта сейсмологиялық орталығы 6 км деп тіркеген. Ал, Қазақстан ұлттық деректер орталығының сейсмикалық орталық картасында дәл бірдей уақытта Теңіз вахталық қалашығы маңында 3,9 балдық екі жер сілкінісі , екінші мәліметте 4 балдық деп көрсетілген.

Сәуірдегі жер сілкінісі

Бұған дейін Атырау облысында 10 сәуірге қараған түні сағат 01:40-та 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығы хабарлады. Жер сілкінісі Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 120 шақырым жерде, оңтүстік-шығыс бағытта болған. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы да жер сілкінісі Қаратон ауылынан 82 км жерде, тереңдігі 1 шақырым болғанын көрсеткен.

Бір қызығы, Атырау өңірі маңына жақын жерде жерасты дүмпуі туралы ақпарат былтыр қыркүйек айында 140 шақырым жерде, тағы да сол оңтүстік-шығыс бағытта болған.

Академик Диаров нені ескертіп еді?

ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА академигі, марқұм Мұфтах ДИАРОВ 2010 жылы Атырау өңірінде техногендік жер сілкіністерінің қаупі туралы бірнеше рет ескерткен болатын. Ол «Ақ Жайық» газетінде жарияланған «Апокалипсис с открытой датой» атты мақаласында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының деректеріне сүйене отырып, Атырау облысының аумағы, соның ішінде Каспий теңізінің акваториясы, Рихтер шкаласы бойынша 6 баллға дейінгі жер сілкінісі болуы мүмкін жер қыртысындағы қауіпті аймақтарға жатқызылғанын жазған.

Оның айтуынша, Қашаған, Қайран, Ақтоты, Королевское және Теңіз тұзасты ірі мұнай кен орындары жер қыртысының тектоникалық жағынан белсенді учаскелерінде орналасқан. 2011 жылы ол Теңіз кен орны екі тектоникалық жарықтың үстінде орналасқанын айтқан және «Теңіз кен орнындағы жер қыртысы жылына 5 сантиметрге көтеріледі» деген ақпаратпен бөліскен. 

Сейсмикалық белсенділік тарихы

2000 жылдың 6 желтоқсанында және 2011 жылдың 21 ақпанында Атырау облысында жер сілкіністері тіркелген. "Ақ Жайық" газетінің архивтік материалдарында 2000 жылғы желтоқсанда Атырауда болған жер сілкінісі сипатталған. Қаладағы кірпіш үйлерде панель үйлерге қарағанда дірілдің едәуір сезілгенін, ал ел аузында жер үйлер деп аталатын жеке тұрғын үйлерде аса байқалмағаны жазылған. Жеке меншік үйлерде бұл қозғалыс тіпті байқалмаған. Автор облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісі жер дүмпуі Атыраудан бөлек, Орал, Ақтау, Қызылорда тіркелгенін хабарлаған. Жер сілкінісі ошағы қайдан келгенін біле алмай отырғанын айтқан кезекші қосымша ақпарат үшін Алматыдағы сейсмоорталыққа 15 минут сайын хабарласып отырғанын жеткізген... Сәл кейін 3,5 балдық жер сілкінісі болғаны жазылған. Жер сілкінісі ошағы Маңғыстау облысы шекарасына жақын жерде Түркіменстанның батысындағы Небит-Даг қаласынан оңтүстік бағытқа қарай жатқан 50 км қашықта болғанын келтіреді.

Материалда әлем баспасөзіне сүйеніп, Небит-Даг жер астында Рихтер шкаласы бойынша 6 немесе 7 балдық жер сілкінісі болған делінеді.

4,1 магнитудалы Теңіз кен орны аумағында екінші жер сілкінісін кен орнының оңтүстік бөлігінде жұмыс істейтін қызметкерлер сезген. Бұл жер сілкінісін Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында орналасқан «Ақбұлақ» сейсмостанциясы тіркеген.

2014 жылғы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар каталогына сәйкес, соңғы онжылдықтарда Атырау облысында көмірсутек шикізатын қарқынды өндіруге байланысты мұнай-газ кен орындарында күшті техногендік жер сілкінісі қаупі туындағаны айтылады.

Осы құжатта Газли (Өзбекстан) және Нефтегорск (Ресей) қалаларындағы техногендік жер сілкіністерімен ұқсастықтар келтірілген.

Айта кетерлігі, 2016 жылы Атырау облысында жер сілкіністерінің 17 жағдайы тіркелген!

Алайда, тек 2000 жылғы жер сілкінісінен кейін ғана Атырауда сейсмикалық аудандастыру картасының жобасы әзірленді, оған облыстық бюджеттен 10 миллион теңге бөлінді.

«Карталар 50 жыл ішінде сейсмикалық қарқындылықтың 90%, 95%, 99% ықтималдықпен артуына негізделіп жасалған. Осы картаға сәйкес ықтимал жер сілкіністерінің баллдық көрсеткіші былай анықталған: Атырау қаласы үшін – 5 балл, облыс аудандары үшін – 6 балл», –деп сол кездегі төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Әлібек Жанғалиев өз есебінде жазған.

«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС директоры Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, 2020 жылдан бастап Қазақстанда бұрынғы құрылыс нормалары күшін жойған. Жаңа жобалар сейсмикалық белсенділікті ескере отырып, азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды жобалау кезінде конструкцияларды есептеуге арналған еурокод – еуропалық стандарттар талаптарын ескеруі тиіс.

Еліміздегі сейсмикалық қауіпті аймақтар

Біздің ресми сауалымызға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі сейсмикалық қауіпті өңірлерге 13 облыс пен республикалық маңызы бар екі қала: Алматы, Шымкент, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан облысы, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау облыстары кіретінін хабарлады.

Аудандастыру карталарына келетін болсақ, олар ҚР 2.03-30-2017 «Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс» қағидалар жинағы негізінде әзірленген. Алайда вице-министр Батырбек ӘБДІШЕВ хабарлағандай, бұл карталар қолжетімділігі шектеулі ақпарат санатына жатады.

Бұдан бөлек, біз Атырау облысының аумағында сейсмикалық қауіпті аймақтар туралы сұрадық. Атырау облысында төрт сейсмикалық қауіпті аумақ бар. Олар - Аққыстау, Атырау, Индербор, Махамбет аудандары.

Ресми сауалда министрлікке жолдаған сауалдарымыздың бірі мынау болды: Сейсмикалық қауіп туындаған жағдайда халықты жер сілкінісі қаупі кезінде ескерту жүйесі қалай жұмыс істейді? Эвакуация жүргізудің нақты сценарийлері бар ма?

Оған вице-министр былай деп жауап берді. Мәселен, бірнеше минут ішінде ұялы желілердің барлық абоненттеріне мәтіндік хабарламаларды жедел жеткізуге арналған Cell Broadcast технологиясы бойынша Mass Alert жүйесін енгізудің пилоттық жобасы Алматы қаласында сәтті іске асырылды. Қазіргі уақытта еліміздің барлық аумақтарында технологияларды енгізу мәселесі пысықталуда.

Ал жалпы эвакуациялық іс-шаралар кешені жергілікті әкімдік жанында құрылған эвакуациялық комиссия әзірлеген және бекіткен жоспарлар мен алгоритмдерге сәйкес жүргізіледі.

Классикалық схема осындай: ТЖ қаупі туындаған кезде жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік, білім беру және мәдени объектілер базасында құрама эвакуациялық пункттерді ашады. Олардың орналасқан жері туралы ақпарат ресми интернет-ресурстарында және 2 ГАЖ-да (екі географиялық ақпараттық жүйеде – авт.) орналастырылған. Халық құрама эвакуациялық пункттерге келгеннен кейін топтарға біріктіріледі, колонналарға қалыптастырылады және уақытша орналастыру пункттеріне жіберіледі.

Атырау қанша жер дүмпуі болған?

Бұл сұраққа жауап берген Атырау облысының ТЖД бастығы Нұрлан Жаңабаев, неге екені белгісіз, 2000 жылы Атырау қаласында және 2001 жылы Жылыой ауданы Теңіз кен орнында болған жер сілкіністері туралы ақпаратты келтірмеген.

Оның мәліметінше, Қазақстан Республикасының аумағына сейсмологиялық бақылау жүргізілген кезеңдегі деректерге сүйенсек, ХХ ғасырда Атырау аумағында магнитудасы 2,0 жоғары келесі жер сілкіністері тіркелген: 

1970 жылы магнитудасы 3,9 балдық, 1974 жылы магнитудасы 3,1 балдық, 1974 жылы магнитудасы 4,1 балдық, 1976 ж магнитудасы 4,0 балдық, 1998 жылы магнитудасы 3,0 балдық жер сілкіністері.

Ал ХХІ ғасырда: 2005 жылы магнитудасы 2,1 балдық, 2011 жылы магнитудасы 2,8 балдық, 2013 жылы магнитудасы 2,1 балдық, 2013 жылы магнитудасы 2,3 балдық жер сілкіністері болған. Бұның бәрі әлсіз жер сілкіністері. 

«Атырау облысында күшті жер сілкіністерінің  болғандығы туралы мәлімет жоқ", - деп жауап берді Жаңабаев. 

Бұдан соң кейінгі екі жылда Атырау аумағында тіркелген жер сілкінісі туралы ақпарат ұсынды. 2024 жылғы 8 тамызда - 3.9 балдық, тереңдігі - 5 км. Жаңабаев жер сілкінісі болған жердің атауын атамай, координаттарын көрсеткен:48.130, 54.217. Yandex карта бұл координаттарды Қызылқоға ауданы аумағына тиесілі далалық жер деп шығарып берді. Ал биыл 10 сәуір мен 11 мамыр күндері тіркелген 4,2 және 4,3 балдық жер сілкіністерінен бөлек, жыл басында - 2 ақпан күні 4,7 балдық жер сілкінісі болған. Тереңдігі - 10 км. Оның 46.333, 54.383 координаттарын Yandex карта Жылыой ауданы Майкөмген ауылы маңы деп көрсеткен.

Атырау аумағында болған жер сілкіністерінің қоршаған ортаға әсері мен зардабы туралы сұрағымызға ТЖД бастығы «аталған зілзаланың барлығы күші аз болғандықтан халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіргені туралы деректер жоқ» деп жауап берді.

Айта кетерлігі, сейсмологиялық бақылау станциялары жер сілкінісінің болғанын тіркегенімен, оның неден болғанын оқи алмайды. Оның үстіне, Атырау облысында жер сілкіністерін тіркейтін жалғыз станция бар, ол Индер ауданында орналасқан. Жер сілкіністері туралы деректерді талдау негізінен көршілес елдердің мәліметтері мен Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының ақпараттарына сүйеніп жүргізіледі.

"Бұл әрине аймақтың сейсмикалық жағдайын сипаттауға аздық етеді", - дейді Жаңабаев.

Атыраудағы жер сілкіністері – миф емес, шынайы құбылыс

Атырау облысы Қазақстандағы ең сейсмикалық белсенді аймақтардың қатарына кірмесе де, соңғы жылдардағы оқиғалар, әсіресе биылғы сәуір және мамыр айларындағы жер сілкіністері, бұл мәселеге байыппен қарау қажеттігін көрсетіп отыр.

Ғалымдар бірнеше жылдан бері аймақтағы сейсмикалық қауіп туралы ескертіп келеді. Алайда, бұл ескертулер көбінесе назардан тыс қалып жатады. Мұнай мен газ өндірудің қарқынды дамуы жер қыртысының тұрақтылығына әсер етуі мүмкін деген пікірлер бар. Сондықтан, біз осындай табиғи апаттарға қаншалықты дайынбыз деген сұрақ өзекті болып қала береді.

Егер алдын алу шаралары уақытылы қолға алынбаса, болашақта аймақтың сейсмикалық белсенділігі артуы мүмкін. Бұл тек ғалымдардың болжамы ғана емес, соңғы жылдардағы нақты оқиғалармен расталып отырған факт.

Атырау тұрғындары мен билік өкілдері бұл мәселеге қаншалықты мән беріп отыр? Алдағы уақытта қандай шаралар қабылдануы мүмкін? Бұл сұрақтар әлі де ашық күйінде қалып отыр.

Сонымен, қолымызда не бар? Атыраудағы жер сілкіністері – аңыз емес, шынайы құбылыс. Атырау облысы Қазақстандағы ең сейсмикалық белсенді аймақтардың қатарына кірмесе де, соңғы жылдардағы оқиғалар, әсіресе биылғы сәуір және мамыр айларындағы жер сілкіністері, бұл мәселеге байыппен қарау қажеттігін көрсетіп отыр.

Ғалымдар бірнеше жылдан бері аймақтағы сейсмикалық қауіп туралы ескертіп келеді. Алайда, бұл ескертулер көбінесе назардан тыс қалып жатады. Мұнай мен газ өндірудің қарқынды дамуы жер қыртысының тұрақтылығына әсер етуі мүмкін деген пікірлер бар. Сондықтан, біз осындай табиғи апаттарға қаншалықты дайынбыз?

Айнұр САПАРОВА



2022 жылы Индерборда сейсмикалық станция орнатылғанға дейінгі Атырауда тіркелген жер сілкіністерінің тізімі:

  

Жыл

Ай

Күн

Сағат

Мин

Сек

Ендік

Бойлық

Тереңдік

Энергетикалық 

класс, К

Магнитуда, 

Ms

1970

5

17

10

6

500,0

48.1

47.8

33

11,3

3,9

1974

9

3

13

55

429,0

47.6

47.1

0

9,9

3,1

1974

10

13

9

56

8,0

48.4

53.6

5

10,7

4,1

1976

2

6

14

50

1,9

47.3

53

115

10,3

4,0

1998

11

1

3

56

120,0

46.93

53.73

0

9,1

3,0

2005

9

9

5

7

130,0

48.23

54.35

0

5,3

2,1

2011

2

18

8

56

43,0

46.75

53.31

-1

6,0

0,9

2011

2

21

9

3

23,0

46.05

53.27

8

8,4

2,8

2011

3

10

12

32

43,0

46.19

53.76

-1

6,2

1,8

2011

4

30

15

37

22,0

46.7

53.37

-1

6,1

1,7

2013

1

31

16

8

57,0

46.84

53.42

-1

6,9

2,1

2013

5

29

3

52

38,0

46.44

53.85

-1

6,0

1,7

2013

8

5

9

59

49,0

46.45

53.46

-1

6,2

1,8

2013

10

6

1

4

56,0

46.59

53.79

-1

6,1

1,8

2013

10

17

19

4

3,0

48.44

52.34

-1

7,3

2,3

 

2022 жылы Атырау облысында (Индербор) сейсмикалық станция орнатылғаннан кейін Атырауда тіркелген жерсілкіністерінің тізімі:  

Жыл

Ай

Күн

Сағат

минут

секунд

ендік

бойлық

класс

тереңдік

Магнитуда

MPV

2023

2

13

2

10

4.1

46.833

54.333

9.2

20

4.0

2023

4

25

7

24

58.1

45.600

54.050

11.3

5

5.1

2024

4

22

19

9

3.2

45.967

54.033

9.8

10

4.7

2024

8

8

4

1

409

48.133

54.217

7.8

5

3.9

2024

12

2

9

40

35.2

45.183

53.767

9.5

10

4.3

2025

2

2

9

52

21.4

46.167

54.233

9.6

35

4.7

 *Назар аударыңыз, екі тізімдегі магнитуда екі түрлі әдіспен есептелген.  

 

16 мамыр, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.