Атырау, 8 желтоқсан 16:53
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырау халықаралық әуежайы «Ашық аспан» режимінде алғашқы халықаралық рейсті қабылдады

Бейнежазба
1 113 рет қаралды

15 мамырдан бастап Pegasus Airlines компаниясы Атырау – Стамбул – Атырау бағытындағы тікелей халықаралық рейсті жүзеге асырды. Енді жолаушылар үшін бұл бағытта аптасына екі рет қатынау мүмкіндігі бар, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Жампейсов Атырау халықаралық әуежайының «Ашық аспан» режиміне көшуі нәтижесінде жүзеге асқан бұл рейс – 2025 жылы ашылған алғашқы халықаралық әуе бағыты екенін атап өтті.

- Жаңа бастама Қазақстан мен Түркия арасындағы туристік және іскерлік қарым-қатынасты нығайтып, жолаушылар ағынын 30-40 мың адамға дейін көбейтуге ықпал етеді деп күтілуде. Сонымен қатар Атырау облысының инвестициялық тартымдылығын арттырып, өңір әуежайының халықаралық мәртебесін күшейтіп, бағыттар желісін кеңейтпек, - деді ол.

Атырау облысының әкімдігі мен инвесторлар арасында жасалған Ынтымақтастық туралы меморандум аясында қолға алынған бағыт әуежайды басқарудың жаңа моделінің тиімділігін көрсетіп отыр.

Анықтама үшін: Pegasus Airlines – Түркияның жетекші лоукостер әуе компанияларының бірі. Атырау мен Стамбул арасындағы тікелей рейс қос мемлекеттің өзара байланысын жаңа деңгейге шығарады деп көзделген.

Айта кетейік, 31 мамырдан бастап Атырау-Стамбул-Атырау бағытындағы рейсті Turkish Airlines компаниясы да іске қоспақ.


15 мамыр, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.