
Прокуратура ТҚК арасында жасалған келісімшартты бұзып, қаражатты қайтаруға қол жеткізді.
Атырау қаласының прокуратурасы «Атамекен тұрғын үй», «Family town», «Baisanat Residence» және «SaraishyqInvestGroup» тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің (ТҚК) құрылтайшылары тарапынан заңсыз әрекеттерден зардап шеккен азаматтардың құқығын қорғау жұмыстарын жалғастырып келеді.
Атырау қаласының прокуратурасы ТҚК-мен жасалған шарттарды бұзу, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс нысандарынан алынған қаражаттарды пайшыларға табыстау туралы талап арызбен Атырау қалалық сотына жүгінді.
Сот талап арызды толық көлемде қанағаттандырды.
Бұл шешім пайшыларға инвесторларды тарта отырып құрылысты аяқтауға және көптен күткен баспанасын алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «Қазанат» ТҚК жер учаскесін пайшылардың меншігіне қайтарып, «Ақмаржан» ТҚК тұрғын үйінің пайдалануға берілуін қамтамасыз етілді.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау 0