Атырау, 24 желтоқсан 22:36
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда ер адам бөтен көліктің төбесіне шығып, жазаға тартылды

808 рет қаралды

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі (бөтен мүлікті қасақана бүлдіру) бойынша іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 13 мамырда таңғы сағат 07:00 шамасында Ж. орта дәрежелі мас күйде "EXEED LX" автокөлігінің төбесіне шығып, оны майыстырып, бөтен мүлікті қасақана бүлдірген.

Ж.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және басқа да іс материалдарымен расталды.

Сот құқық бұзушының кінәсін мойындап, әрекетіне өкінгенін жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды.

Сот қаулысымен Ж. кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

14 мамыр, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.