Атырау, 21 маусым 09:55
 ашықВ Атырау +26
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Сот агенттікті қате рәсімделген әуе билеті үшін шығындарды өтеуге міндеттеді

479 рет қаралды

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы авиаагенттік қате рәсімдеген авиабилет құнын қайтару туралы істі қарады.

Бұл оқиға 2022 жылдың жазында басталған. Атырау қаласының тұрғыны AVIATA ЖШС арқылы SCAT авиакомпаниясының рейсіне өзіне, жұбайына және кәмелетке толмаған төрт баласына билет сатып алған. Кейін сол рейске және сол күнге, әкесімен бірге ұшу үшін кіші қызына қосымша билет алуды ұйғарады. 

Алайда, әуежайда билет мүлдем басқа рейске және басқа авиакомпанияға – FlyArystan-ға рәсімделгені анықталды. Құжаттарда басқа рейспен ұшатын әкесінің бірге ұшатыны көрсетілген. Отбасы сапарды тоқтатпау үшін жаңа билет сатып алуға мәжбүр болды, бірақ қате рәсімделген билет үшін төленген 32 000 теңге қайтарылмады.

Агенттікпен мәселені шешу әрекеттері сәтсіз аяқталған соң, әйел сотқа жүгінді. Ол билет құнын қайтаруды, моральдық зиянды өтеуді және сот шығындарын өтеп беруді талап етті. Алайда, бірінші инстанциядағы сот агенттіктің кінәсі жоқ деп, талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Дегенмен, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұл шешімді жойды. Істі қарау барысында қызметкерлер тарапынан қателік жіберілгені анықталды. Сот жолаушы мен авиаагенттік арасында әуе тасымалы туралы келісімшарт бар екенін мойындап, талапкердің пайдасына:

  • Қате рәсімделген билет үшін 32 000 теңгені;
  • Моральдық зиянның өтемақысын;
  • Сот шығындарын өндіріп берді

Сот шешімі заңды күшіне енді.

14 мамыр, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.