
Бүгін ұлттық руханиятқа өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқан бірқатар атыраулық қаламгерлерге “Қазақстанның Құрметті жазушысы” атағы берілді.
Бұл мәртебелі атақ – шығармашылық жолында әдебиетті өркендетіп, ел игілігіне қалам тербеген тұлғаларға көрсетілетін зор құрметтің белгісі. Аталған марапатқа белгілі композитор әрі өнер зерттеушісі, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Ілия Жақанов, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Қадір Жүсіп пен Төлеген Жаңабаев, айтыс өнерінің өкілі Жәниба Қарасаева лайық деп танылды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ