
Иранның бірнеше қаласында құмды дауылдың салдарынан ауа сапасының нашарлауына байланысты мектептерде сабақтар уақытша тоқтатылды, деп хабарлады АА.
IRNA мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, аймақтық дағдарыс орталықтары мен төтенше жағдай комитеттері оқу орындарын уақытша жабу туралы шешім қабылдаған.
Құмды дауыл елдің батыс өңірлерін қамтыды. Батыс Әзербайжан, Күрдістан және Зенджан провинцияларында, сондай-ақ Шығыс Әзербайжанда мектептерде сабақтар тоқтатылды. Тебризде барлық мемлекеттік мекемелер мен банктердің жұмысы уақытша тоқтатылды.
Иранның метеорологиялық қызметінің мәліметінше, алдағы сағаттарда құмды дауыл Альборз провинциясына және ел астанасы Тегеранға таралуы мүмкін.
В Атырау +4