
АҚШ президенті Дональд Трамп Парсы шығанағының атауын «Араб шығанағы» немесе «Аравия шығанағы» (The Arabian Gulf немесе The Gulf of Arabia) деп өзгерту идеясынан бас тартты. Бұл туралы Коммерсантъ CNN-ге сілтеме жасап хабарлады.
Бас тарту себебі – Иранның қарсылығы. Басылымның сұхбаттасушыларының айтуынша, Иран бұл бастамаға қарсы шыққаннан кейін Трамп бұл жоспардан бас тартқан.
Бұған дейін Associated Press хабарлағандай, Дональд Трамп Сауд Арабиясына сапары барысында АҚШ Парсы шығанағын Араб шығанағы деп атайтынын жариялауды жоспарлаған.
Парсы шығанағының араб мемлекеттері бұл аймақты Араб шығанағы деп атауды бұрыннан талап етіп келеді. Пентагон да өз құжаттары мен карталарында осы атауды қолданады.
Дональд Трамп 2017 жылы дәл осы атауды қолданған, сол кезде Иран президенті Хасан Рухани оған «географияны үйренуге» кеңес берген.
В Атырау +4