
Атырауда С. Өтебаев атындағы Мұнай-газ университеті үшін оқу-өндірістік полигон салынуда. Жобаны "Ембімұнайгаз" АҚ қаржыландырып, оны жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарт міндеттемелері және университетпен серіктестік аясында жүзеге асыруда.
Полигон қандай мақсатта салынып жатыр?
Бұл оқу полигоны мұнай-газ өндіру мекемесінің шағын моделі болып табылады, онда жер қойнауын барлаудан бастап, көмірсутектерді өңдеуге дейінгі өндірістік процестердің толық циклі қамтылады. Аумағы – 2 гектар.
- Құрылыс 2024 жылдың екінші жартысында басталды.
- Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 70%-ы аяқталды.
- Жерасты жөндеу жұмыстарын үйрету үшін 80 және 20 метр тереңдіктегі екі ұңғыма бұрғыланды.
- 15 оқу алаңы салынды, онда студенттер практикалық тапсырмаларды орындайды.
- Полигон аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, құрылыс сапасы тұрақты бақылауда.
- Нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Қандай мамандықтар дайындалады?
Полигон электргазбен дәнекерлеушілер, токарьлар, машинистер, операторлар және басқа да сұранысқа ие техникалық мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл жоба "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында ерекше маңызға ие.

Әкімшілік ғимаратта химиялық талдау зертханасы мен оқу кабинеттері ашылады. Атырау мұнай-газ университеті Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны болады, онда осындай заманауи технологиялық база жасақталады. Жоба түлектердің өндірістік ортаға бейімделуін жақсартып, олардың жұмысқа орналасуын жеңілдетеді.
В Атырау +3