Атырау, 6 желтоқсан 09:01
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Энергетика министрлігі терең өңдеу технологиясы жоқ шағын МӨЗ-дердің паспорттарын қайтарып алуға асығар емес

584 рет қаралды

Қазақстанның Энергетика министрлігі терең немесе қайталама өңдеу технологиясы жоқ шағын мұнай өңдеу зауыттарының (МӨЗ) өндірістік паспорттарын қайтарып алу процесін әлі бастамады, деп хабарлайды "Нефть и газ Казахстана" Telegram арнасы.

2024 жылдың наурыз айында министрлік шағын МӨЗ-дердің өндірістік паспорттарын қайтарып алу және қайта қарау орынды деп санайтынын мәлімдеді. Бұл шешім өндірілетін өнімнің шағын МӨЗ қолданатын технологияларға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Сонымен қатар, паспорттарды уақтылы қайтарып алу және қайта қарау адал жұмыс істейтін шағын МӨЗ-дерге әсер етпейді деп атап өтті.

Шағын МӨЗ-дерге қысым күшейе түсті, себебі олардың өндіріп жатқан өнімдері Кедендік Одақтың техникалық регламентіне сәйкес келмейді. Атап айтқанда, автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын мен мазутқа қойылатын талаптар сақталмаған. Өнімдегі күкірт мөлшері мен фракциялық құрамы белгіленген стандарттарға сай емес.

Petroleum журналының сауалына берген жауабында Энергетика министрлігі: "Көрсетілген кезеңде шағын МӨЗ-дердің өндірістік паспорттары қайтарып алынған жоқ", – деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жеке жеткізушілерден мұнай алатын 23 шағын мұнай өңдеу зауыты заңды түрде жұмыс істеп жатыр. 

14 мамыр, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.