Атырау, 5 желтоқсан 08:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Жерорта теңізінде 6,0 магнитудалы жер сілкінісі болды

590 рет қаралды

Түркия үкіметінің Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) хабарлағандай, Жерорта теңізінде 6,0 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісі түркиялық уақытпен 01:51-де тіркелді және Мугла провинциясының Датча ауданынан 155,06 км қашықтықта орын алды.

Зілзаланың ошағы 20,41 км тереңдікте болған.

Бұл жер сілкінісі Денизли, Анталия, Айдын, Измир, Ыспарта, Бурдур және Маниса сияқты көршілес аймақтарда сезілді.

Мугла губернаторы Др. Идрис Акбыйык әлеуметтік желіде ешқандай зиян немесе қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

  • Қоршаған орта, қала құрылысы және климаттың өзгеруі министрі Мурат Курум жер сілкінісінің ешқандай залал келтірмегенін және далалық зерттеулердің жалғасып жатқанын айтты.
  • Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу да зардап шеккендерге қолдау білдіріп, елге амандық тіледі.

Жергілікті билік 112 жедел қызметі, жандармерия және ауыл әкімдерімен байланыста болып, жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.

14 мамыр, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.