Атырау, 29 желтоқсан 01:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Атырау білім беру басқармасы: "Мектеп бітіру кеші аниматорсыз, шерусіз өту керек"

532 рет қаралды
Көрнекі сурет

Биыл бастауыш сыныптар мен балабақшаларда мектеппен қоштасу кешін салтанатты түрде өткізуге және оған ақша жинап, аниматорлар шақыруға тыйым салынады. Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенованың айтуынша, мерекелік шараларды ұйымдастыру барысында заңға қайшы әрекеттерге жол берілмеуіне қатаң бақылау болады. 

Атырауда 2024-2025 оқу жылы 23 мамырда аяқталады. Биыл Атырау қаласында 6987 оқушы 9-сыныпты, 2946 оқушы 11-сыныпты аяқтайды. Оқу жылының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылардың саны артып келеді. Қазіргі уақытта 9-сыныпта 271 оқушы үздік аттестатқа үміткер. Ал 11-сынып оқушылары арасында 96 оқушы үздік аттестат, 70 оқушы «Алтын белгі» иегері атануға ниетті. "Бұл – сапалы білім мен мұғалім еңбегінің нәтижесі", - деді А.Дүйсекенова.

11-сыныптарға арналған соңғы қоңырау 23 немесе 24 мамырда өтеді. 9-сынып емтихандары 29 мамыр мен 10 маусым аралығында, 11-сыныптың мемлекеттік емтихандары 30 мамыр мен 16 маусым аралығында, ал аттестат тапсыру рәсімі 18–20 маусым аралығында ұйымдастырылады. 

Дегенмен, қалалық білім бөлімінің мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға жаңалық енгізуі маңызды бастама болды. Биыл ата-аналардан ақша жинауға, аниматорлар мен студияларды тартуға, автокөлікпен шеруге шығуға, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сыныптарда, әсіресе, 4-сыныпта салтанатты кеш өткізуге тыйым салынған. 

"Бұл талаптар барлық мектепке жеткізілді. Тәртіп бұзылған жағдайда тиісті шаралар қолданылады", – деп мәлімдеді А.Дүйсекенова.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

14 мамыр, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.