
Атырау облысы Су Арнасы КМК 2025 жылғы 14 мамырда жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты ауыз судың уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.
2025 жылғы 14 мамырда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін №3 су қысымын арттыру сорғы станциясында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты төмендегі мекенжайларда орналасқан тұрғын үйлер мен нысандарға ауыз су беру уақытша тоқтатылады:
- 4 Авангард мөлтек ауданындағы №1, 2, 3, 7 тұрғын үйлер
- Сәтпаев даңғылы №3А мекенжайындағы тұрғын үй
- Құрманғазы көшесі №9 мекенжайындағы Атырау сервис колледжі
- Құрманғазы көшесі №15 мекенжайындағы Атырау энергетика және құрылыс колледжі
- Сәтпаев даңғылы №62А мекенжайындағы Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты
- Сәтпаев даңғылы №3Б мекенжайындағы "AiRom Arena" спорт кешені.
В Атырау -10