
Қытайдың CNPC мен Қазақстанның Энергетика министрлігі осы корпорация мен «ҚазМұнайГаздың» әрқайсысы 50 пайыздық үлеске ие «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп жазады Нефть и газ Казахстана Telegram-арнасы.
Қазіргі №170 келісім-шарт 1998 жылдың 17 қаңтарында жасалған және 2028 жылдың соңында аяқталады. Өткен жазда Энергетика министрлігі мен CNPC негіздік келісімге қол қойды, онда олар Қытай тарапы экономикалық тиімділігі жоғары бір немесе бірнеше келісілген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға міндеттенген жағдайда ағымдағы келісімшарттың мерзімін кемінде 20 жылға ұзарту ниетін растады. Қазір осындай жобалар талқыланып жатыр.
В Атырау +3