Атырау, 29 желтоқсан 01:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Атырау облысында жаңа жол жобалары басталды

858 рет қаралды

Өңірде облыстық маңызы бар жолдарда орташа жөндеу мен қайта жаңғыртуды қамтитын жеті жаңа жоба қолға алынды.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ержан Хайноллаевтың ақпараты бойынша, қазіріг уақытта Атырау-Астрахань тас жолының 616-621 шақырым аралығындағы, яғни Атырау қаласына кіреберіс бөлігін қайта жаңғырту жұмыстары басталған. Мердігер - "Казахдорстрой" ЖШС. Аталған учаске 3 санаттан 1 санатқа ауыстырылып, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгеріміне берілген. Сол себептен жол енді төрт жолақты болып кеңейтілмекші. Жалпы ұзындығы 5 шақырым болады. Оның ішінде теміржол өткелінің үстінен өтетін ұзындығы 89,4 метрлік үлкен көпір бар. Бұл жұмысты 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта ескі жол қабатын бұзу және айналма жол салу жұмыстары жүріп жатыр.  

Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз жолының 115 шақырымын, яғни Миялы мен Сағыз ауылының аралығындағы бөлігін орташа жөндеу жұмыстары осы жылы қолға алынбақшы. Бұл жұмыс жолдың 202-317 шақырым аралығында өтпекші. Жоба аясында жасалатын жұмыстар:115 км жолдың негізгі қабатын тегістеу, жер жамылғысы бойынша шағын учаскелерді көтеру және кеңейту, сьездердің құрылғысы, дәретханалар, қызмет көрсету павильондарының құрылысы, асфальт төсеу, жолақтар салу, жол бойындағы белгілерді ауыстыру, құбырларды алмастыру, жол жиектерін нығайту. Жоба 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда. 

Бұдан басқа, Атырау-Индер бағытының 67-117 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұзындығы 50 км жолдың жұмысын мердігер сәуір айында бастап, қарашада аяқтауды көзделген.

Сондай-ақ биыл аудан орталықтарына және Исатай ауданына қарасты Қызылүй ауылдарына баратын кіреберіс жолдар орташа жөндеуден өтпекші. Олар:
  • Мақат ауылы-4,53 км;
  • Қызылүй ауылы-32 км; 
  • Аққыстау ауылы-0,8 км;
  • Құрманғазы ауылы-0,975 км жол бар. 

Бұл жобалар аясында асфальт төсеу, жолақ сызу, белгілер мен жарық шамдарын орнату, жол жиектерін нығайту жұмыстары қамтылмақшы. Мердігерлер мемлекеттік сатып алу порталы арқылы анықталады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

13 мамыр, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.