Атырау, 23 маусым 08:29
 бұлттыВ Атырау +27
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Қазақстан мен Өзбекстан шекара маңында геологиялық барлау жүргізуді жоспарлап отыр

552 рет қаралды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Ташкент қаласына жұмыс сапары барысында «Өзбекнефтегаз» АҚ (ӨНГ) Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиковпен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі. 

Тараптар биыл наурыз айында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім аясында Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралас аудандарында геологиялық барлау жобаларын іске асыру жоспарларын талқылады. 

Сондай-ақ компаниялар геологиялық-техникалық деректермен алмасу бойынша ортақ ақпараттық кеңістік құруды жоспарлап отыр және халықаралық мұнай-газ жобаларына бірлесіп қатысу мүмкіндігін қарастыруда. 

ҚМГ мен ӨНГ өзара іс-қимылының тағы бір негізгі бағыты — мұнай-химиясы саласы. 

Сонымен қатар кездесуде 2025 жылы 5 наурызда SOCAR, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Татнефть» ЖАҚ және «Өзбекнефтегаз» АҚ арасында қол қойылған (https://t.me/kmgpress/6233) цифрлық технологиялар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы қадамдарды одан әрі ілгерлету мәселесі қозғалды. 

— ҚМГ «Өзбекнефтегазбен» өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге үлкен мән береді. Екі компания арасындағы серіктестік жалпы Орталық Азияның энергетикалық секторын дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Біз өзбек әріптестерімізбен  барлық негізгі бағыт бойынша жұмыстарды одан әрі белсенді жүргізуге дайынбыз, — деді А.Хасенов. 

Сонымен қатар ҚМГ басшысы американдық Air Products компаниясының Орталық Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Вацлав Гарантпен кездесу өткізді. Компания өнеркәсіптік газды өндіруге және жеткізуге маманданған. Аталған компания сутегі өндірісінде — әлемдік көшбасшы. 

Кездесу барысында Air Products компаниясының Қазақстанның мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларға қатысу перспективалары талқыланды.

Бұдан бөлек А.Хасенов халықаралық форумға қатысып, «Энергетика саласындағы тепе-теңдік: болашаққа бағдар» сессиясында сөз сөйледі. Өзбекстанның «UEW 2025» энергетика апталығы аясында өтіп жатқан іс-шараға 465 халықаралық компания өкілдері мен 1400-ден астам сала сарапшылары жиналды.

13 мамыр, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.