
Франция соты актер Жерар Депардье өзіне қарсы айып тағылған екі әйелге қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ақпарат агенттіктері. Ол бір жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Сот отырысы әлі жалғасуда. Депардьенің өзі кінәсін мойындамады, деп хабарлайды BBC News Русская служба.
Актер 2021 жылы «Les Volets Verts» фильмін түсіру кезінде екі әйелге сексуалдық зорлық жасады деп айыпталған. Бұл Депардьеге қатысты сотқа жүгінген алғашқы іс, дегенмен 20-ға жуық әйел оны әдепсіз мінез-құлық үшін айыптады.
Прокурорлар 76 жастағы Депардьені шартты түрде бір жарым жылға бас бостандығынан айыруды және 20 мың еуро айыппұл төлеуді сұрады.
Сотта куәгер болған талап қоюшылардың бірі, суретші-продюсер Амели К. 2021 жылы фильм түсіру кезінде актер оны аяғының арасына қысып, денесіне қолын тигізгенін, сонымен бірге ол сексуалдық сипаттағы әдепсіз пікірлер білдіргенін айтты.
Депардье мұның зорлық-зомбылық екенін жоққа шығарып, көңіл-күйі нашар болғандықтан дөрекі пікірлер білдіргенін жеткізді.
Париж түзеу трибуналы Жерар Депардьені 2021 жылы түсірілген фильмде сексуалдық қысым көрсеткені үшін кінәлі деп тауып, оны екі жылға азаматтық құқығынан айырды және сексуалдық құқық бұзушылардың тізіліміне енгізу туралы қаулы шығарды", деп хабарлайды BFMTV.