Атырау, 21 маусым 10:49
 ашықВ Атырау +26
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Мексикада мэрлікке үміткер тікелей эфир кезінде қаза тапты

Бейнежазба
543 рет қаралды
Фото: Facebook / Yesenia Lara Gutierrez

Мексикада мэрлікке үміткер Есения Лара Гутьеррес тікелей эфирде өлтірілді, деп хабарлайды Korrespondent.net.

Мексиканың Веракрус штатындағы Текистепек қаласының мэрлігіне үміткер Есения Лара Гутьеррес 11 мамыр күні сайлауалды кампаниясы кезінде оққа ұшты. Оқиға Facebook желісінде тікелей эфирде көрсетілген, сондықтан оқ атылған сәт видеоға түсіп қалған.

Шабуыл кезінде тағы үш адам қаза тауып, үш адам жараланған. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

Оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде. Мексика президенті Клаудия Шейнбаум бұл жағдайға байланысты қауіпсіздік министрімен бірлесіп әрекет ететінін және қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.


13 мамыр, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.