Атырау, 22 желтоқсан 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау облысында әуесқой балық аулауға уақытша тыйым салынды

2 020 рет қаралды

Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы шектеулер Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес су биоресурстарын қорғау және олардың көбеюіне жағдай жасау мақсатында енгізілгенін хабарлады.

Жайық өзені: 15 мамыр мен 15 маусым аралығында кәсіпшілік емес (әуесқой) құралдармен балық аулауға тыйым салынады.

Қиғаш өзені және оның барлық арналары мен тармақтарында: 20 сәуірден 20 мамырға дейін тыйым күшінде. Бірақ бұл шектеу сенбі, жексенбі және мереке күндеріне қолданылмайды.

Сонымен қатар Жайық пен Қиғаштың қосалқы су қоймаларында 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында балық аулауға болмайды. 1 сәуірден 15 маусымға дейін шаян аулауға толық тыйым салынған.

Каспий теңізі сағасынан Кіші Дамбин учаскесіне дейінгі Жайықтың бір бөлігіне жыл бойы балық аулауға болмайды. Бұл - балықтардың көбеюіне тыныштық аймағы ретінде белгіленген.

Инспекция аталмыш тыйымды бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабына сәйкес 39 320 теңгеден 157 280 теңгеге дейін айыппұл қарастырылғанын мәлімдеді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

13 мамыр, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.