Атырау, 23 маусым 08:26
 бұлттыВ Атырау +27
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Анкара Трамптың Стамбұлға сапары туралы нақты ақпараттың жоқ екенін мәлімдеді

444 рет қаралды
© Associated Press

Түркия президенті әкімшілігінің өкілі АҚШ президенті Дональд Трамптың 15 мамырда Стамбұлға сапар жасауы мүмкін екендігі туралы нақты ақпарат жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. 

Дүйсенбі күні Трамп бейсенбіде Стамбұлға бару туралы ойланатынын, сол күні Ресей мен Украина өкілдерінің кездесуі өтуі мүмкін екенін айтты.

Президент Владимир Путин бұған дейін Украинаға алдын ала шарттарсыз тікелей келіссөздерді 15 мамырда Стамбұлда қайта бастауды ұсынған. Путин бұл келіссөздер барысында тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің ұзақ мерзімді бейбіт шешім жолдарын іздеуге шындап кіріскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, келіссөздердің мақсаты – қақтығыстың бастапқы себептерін жою және Ресейдің мүдделерін қамтамасыз ету.

Алайда, Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздерге Мәскеу 12 мамырдан бастап толық атысты тоқтатқан жағдайда ғана қатысатынын мәлімдеді.

Бұл талапты Мәскеу бұрыннан «қабылданбайтын шарт» деп атаған.

Трамп Киев билігін Путиннің Түркиядағы келіссөздер ұсынысына дереу келісуге шақырды. АҚШ президентінің айтуынша, мұндай келіссөздер ең болмағанда мәміле жасау мүмкіндігін анықтайды.

Кейін Зеленский Ресей президентін бейсенбі күні Түркияда күтетінін мәлімдеді.

12 мамыр, 22:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.