Атырау, 5 желтоқсан 08:36
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда суға кеткен 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды

692 рет қаралды

Жайық өзенінен өтіп бара жатып, қайықтан құлап кеткен жасөспірімнің мәйіті сегіз күн өткеннен кейін 11 мамырда Еркінқала ауылы маңында табылды деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі. 

Іздеу жұмыстары 3 мамырда басталды. ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша ағыстың қатты болуы, ештеңе көрінбейтіні және бөгде заттардың кездесуі іздеу жұмыстарында қиындық туғызған. Алайда іздестіру жұмыстары күшейтілген түрде жүргізіліп, түрлі құрал-жабдықтар  пайдаланылған. 

Іздеу жұмыстарына 12-ден астам құтқарушы, 4 бірлік жүзу құралы, 3 бірлік техника және ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) жұмылдырылды. Сонымен бірге ПД қызметкерлері және кемесі де осы іске тартылды. Сүңгірулермен 7140 шақырымда 21 рет су астынан іздестіру және ұзындығы 23700 метр, ені 70 метр болатын тралдау жұмыстары жүргізілді. 

Осындай кең көлемде іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 11 мамыр күні сағат 10.52 шамасында оқиға орнынан 2 шақырым жердегі қашықтықтан жігіттің денесі табылды.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 мамыр, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.