
Атырау облысының Дамбы (Атырау қаласы) және Тұщықұдық (Исатай ауданы) ауылдарында әкім сайлауы өтті. Екі округте де өзін-өзі ұсынған кандидаттар: 40 жастағы Темірлан Аубакиров және 51 жастағы Арслан Амиров жеңіске жетті.
Дамбы ауылдық округінің әкімдігіне үш кандидат түскен еді. Сайлаушылар тізіміне 2175 адам енгізілсе, оның 1113-і дауыс берген. Қорытындысында О. Хасанов 127, Р. Жолдиев 332 дауыс жинаса, 561 дауыс басымдықпен өзін-өзі ұсынған Темірлан АУБАКИРОВ 561 жеңіске жетті. Ол 1984 жылы дүиеге келген, бұған дейін "қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Исатай ауданы Тұщықұдық ауылында өткен әкім сайлауына 3199 адам енгізілсе, оның 1732-і сайлауға қатысқан. Әкім болуға үш кандидат тіркеліп Н. Ателов 267, Қ. Тахаев 441 дауысқа ие болған. Ал ең көп дауыс жинаған (1011 дауыс) 1973 жылғы Арслан АМИРОВ округ әкімі болып танылды. Өзін-өзі ұсынған А. Амиров жұмыссыз, Аққыстау ауылының тұрғыны.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА