
Бүгін Қырғызстан аумағында тағы бір жер сілкінісі болды. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты хабарлады.
Жер сілкінісі сағат 12:38-де тіркелген. Оның эпицентрі ел аумағында, Жаны-Талап ауылынан 7 шақырым оңтүстік-батыста, Баетово ауылынан 18 шақырым солтүстікте, Нарын қаласынан 88 шақырым батыста орналасқан.
Жер сілкінісінің күші:
- Жаны-Талап, Ак-Кыя, Байгончок, Угут, Көк-Жар, Ақ-Талаа, Қара-Ой ауылдарында – 4,5 балл
- Баетово, Жылан-Арық, 8 Марта ауылдарында – 4 балл
- Еңбек-Талаа, Достық, Шоро, Дедемель, Кош-Булак, Куланак ауылдарында – 3 балл
- Нарын қаласында – 2,5 балл
Еске сала кетейік, бүгін сағат 7:33-те тағы бір жер сілкінісі тіркелген болатын. Оның эпицентрі Жаны-Талап ауылынан 9 шақырым солтүстік-батыста орналасқан.
В Атырау +4