Атырау, 5 желтоқсан 08:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Күрд жұмысшы партиясы (КЖП) өзін-өзі таратып, Түркияға қарсы қарулы күресін тоқтататынын жариялады

539 рет қаралды

Күрдтердің әскери-саяси ұйымы – Күрд жұмысшы партиясы (КЖП), Түркия, АҚШ және Еуропалық Одақта террористік ұйым деп танылған, өзін-өзі тарату және қару-жарақтан бас тарту туралы шешім қабылдады. Бұл қадам Анкарамен бірнеше ондаған жылдарға созылған қақтығысты аяқтауға бағытталған, деп хабарлайды Euronews.

Бұл тарихи шешім туралы Firat ақпарат агенттігі хабарлады. Ұйымның 12-съезінде КЖП-ның құрылымын тарату және қарулы күрес әдісінен бас тарту туралы шешім қабылданғаны ресми мәлімделді.

Бұл шешім 5-7 мамыр аралығында Ирактың солтүстігіндегі Кандиль тауларында өткен конгресте қабылданды. Бұл аймақ КЖП-ның әскери қолбасшылығы мен жасақтарының базасы болып саналады. Firat агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім КЖП-ның тарихи жетекшісі Абдулла Оджаланның шақыруымен қабылданған.

76 жастағы күрд сепаратистерінің жетекшісі Абдулла Оджалан, 1999 жылдан бері Түркиядағы Имралы аралында өмір бойы бас бостандығынан айырылған, ақпан айында жақтастарын КЖП-ны ресми түрде тарату туралы шешім қабылдауға шақырған.

2025 жылдың 1 наурызында КЖП біржақты түрде атысты тоқтату туралы мәлімдеме жасаған, бірақ бұл шешім бейбіт келіссөздер үшін жаңа құқықтық негіз құрылса ғана күшінде қалатынын айтқан.

Түркия мен КЖП арасындағы қақтығыс 1984 жылдан бері жалғасып келеді және осы уақыт ішінде он мыңдаған адам қаза тапты.

КЖП-ның тарауы Ирак пен Сириядағы саяси және қауіпсіздік жағдайына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.

Наурыз айында Ирак үкіметі Түркия армиясы мен КЖП жасақтарын ел аумағынан толық шығару туралы талап қойған.

Ал Сирияның солтүстік-шығысында әрекет ететін Сириялық демократиялық күштер (SDF) КЖП-ның қарудан бас тарту туралы шешімі оларға әсер етпейтінін мәлімдеді.

12 мамыр, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.