Атырау, 5 желтоқсан 08:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Нетаньяху Трамптың Палестина мемлекетін мойындайтыны туралы қауесеттерді жоққа шығарды

371 рет қаралды

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайтыны туралы ақпаратқа мән бермеу керектігін мәлімдеді. Бұл туралы АА i24 News басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Нетаньяху Кнессеттің сыртқы істер және қорғаныс жөніндегі комиссиясының жабық отырысында сөйлеген сөзінде Трамппен қарым-қатынасының шиеленіскені туралы қауесеттерді жоққа шығарды. Ол бұл ақпаратты АҚШ-тың Израильдегі елшісі Майк Хакаби де теріске шығарғанын атап өтті. Сонымен қатар, Нетаньяху Трамппен тұрақты байланыста екенін және олардың көптеген мәселелер бойынша көзқарастары ұқсас екенін айтты.

Бұған дейін Израиль баспасөзінде екі көшбасшы арасындағы қарым-қатынастың нашарлағаны және Трамптың Нетаньяхуды саяси айла-шарғы жасады деп күдіктенетіні туралы жарияланымдар шыққан болатын.

Палестина мемлекетін ресми түрде мойындау туралы хабарларға қатысты Нетаньяху: «Палестина мемлекетін құру туралы маңызды мәлімдеме естисіз деп ойламаймын – бұл жай ғана саяси ойын», – деді.

Парсы шығанағы елдерінің дипломаттарына сілтеме жасаған кейбір Израиль басылымдары Трамптың алдағы Таяу Шығыс сапары барысында осындай мәлімдеме жасауы мүмкін екенін жазды. Олардың мәліметінше, бұл мәлімдеме Эр-Риядта өтетін АҚШ пен Сауд Арабиясы саммитінде жасалуы ықтимал. Сондай-ақ, АҚШ президентінің Катар мен Біріккен Араб Әмірліктеріне баруды жоспарлап отырғаны хабарланды.

12 мамыр, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.