Атырау, 22 желтоқсан 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Бекіре-2025» операциясы: бір ай ішінде 3 тонна балық пен 2 тонна уылдырық тәркіленді

777 рет қаралды

Бір ай ішінде 539 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 12,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, браконьерлік және бекіре тұқымдас балықтар мен басқа да жойылып бара жатқан түрлердің заңсыз айналымы бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, браконьерлік пен жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін балық түрлерімен заңсыз айналысу деректері бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз айналымнан 2 тонна 909,1 кг балық тәркіленді, оның ішінде 584 кг - бекіре тұқымдас балықтар, 2,006 кг - бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы, 154 дана балық аулау құралы және 29 су көлігі алынды. Одан бөлек өзен арналары мен теңіз акваториясын күн сайын сүзу барысында 450 дана заңсыз балық аулау құралы судан шығарылған.

Жалпы «Бекіре-2025» акциясы басталғаннан бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғатты қорғау органдары мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасының 702 бұзушылығын тоқтатып, заң бұзушыларға жалпы сомасы 12,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

1 сәуірде басталған балық қорын қорғау акциясы 31 мамырға дейін жалғасады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ



12 мамыр, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.