
«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Ұлан Бүркітов Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысына апталық инспекция жасады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Нысанды аралағаннан кейін, барлық мердігерлердің қатысуымен жиналыс өтті.
Кездесу барысында құрылыс барысын жеделдету, атап айтсақ, металл конструкцияларын жасау, сапаны бақылау үшін қосымша мамандарды тарту, қажетті материалдарды уақтылы жеткізу және басқа да маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, бас мердігер «Kazakh Construction Group» ЖШС құрылыс маусымының басталуына орай, жұмыстарды әрі қарай жылдамдату тапсырылды.
Бүгінгі таңда құрылыс алаңына 1600 адам және 277 дана техника жұмылдырылған. Бетон құю, металл конструкциялары мен эстакадаларды монтаждау, резервуарларды жинау жұмыстары жүріп жатыр. Жұмысшылар үшін қауіпсіздік аудиттері мен оқу-жаттығу жиындары өткізіліп тұрады. Демалыс және мерекелік күндері кезекшілік ұйымдастырылған.
Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша прогресс:
- Газды кешенді дайындау қондырғысының іргетастарын құю бойынша бетон жұмыстары - 41 476 м³ (жоспар 72 447 м³), прогресс 57,2%.
- Металл конструкцияларының монтажы – 2 357 тонна (жоспар 19 830 тонна), прогресс 11,9%.
- Механикалық құрал-жабдықтың монтажы – 2 545 тонна (жоспар 9 149 тонна), прогресс 27,8%.
- Резервуарларды монтаждау – 379 тонна (жоспар 2 705 тонна) прогресс 14%.
- Жерасты құбырларының монтажы – 13 911 м (жоспар 56 447 м) прогресс 24,6%.
Қашағандағы ГӨЗ құрылысы кестеге сай жүруде.
Анықтама: Жоба жүзеге асырылған соң, тауарлық газдың ресурстық базасы жылына 727 млн. м3, газ моторлы отын және органикалық синтез үшін шикізат жылына 115,5 мың. тн, мұнай-химия өндірісі үшін газ композиті жылына 17 мың. тоннаға және түйіршіктелген күкірт көлемі жылына 218,5 мың. тоннаға артады деп күтілуде.