Атырау, 21 маусым 09:38
 ашықВ Атырау +26
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65

Доссорда өрт сөндіру депосы ашылды

Сурет
565 рет қаралды

Доссор кентінде бой көтерген жаңа өрт сөндіру депосы 40 шақырымдық радиуста орналасқан аумақтағы 15 мыңнан астам адамның қауіпсіздігіне кепілдік береді. 

Жаңа нысанның іске қосылуы  тұрғындардың өрт қауіпсіздігін жақсартып, кез келген төтенше оқиғаға жедел түрде ден қоюға мүмкіндік береді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылған заманауи модульдік кешен аз уақыт ішінде салынып бітіп, тәулік бойы жұмыс істеуге лайықталған барлық қажетті жабдықтармен, атап айтқанда, диспетчерлік орталықпен, оқу кабинетімен, демалыс бөлмелерімен және асханамен қамтамасыз етілген.


Кезекшілікте жүрген команданың қарамағында үш арнайы көлік бар, оның ішінде су таситын және жедел әрекет етуге арналған көліктер бар.

Аталмыш шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов қатысты.

Шыңғыс Әрінов жергілікті басшылықтың осындай маңызды жобаларды жүзеге асырудағы рөліне тоқталы.

"Жаңа депода құтқарушылардың тұрмысы мен жарақтандырылуы елордалық бөлімдерден кем түспейтін деңгейде қамтамасыз етілген. Бұл тәсіл шақыруларға тез ден қоюға мүмкіндік беріп қана қоймай, өңірлерге білікті кадрларды тартуға және олардың сол жерде тұрақты қызмет атқаруына көмектеседі», — деп ТЖМ басшысы атап өтті.

Доссор кентінде депо ашу ауылдық жерлерде өртке қарсы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның бөлігі болып табылады. 2025 жылы облыстың бірнеше аудандарында осындай нысандарды салу және ашу жоспарлануда.

11 мамыр, 23:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.