
Азаматтық қорғаныс қызметінің техникалық-материалдық базасын жаңарту мақсатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне 27 өртке қарсы және құтқару техникасы берілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Техникаларды табыстау рәсіміне Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов қатысты.

"Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтау – кез келген шешімнің негізінде тұрған басты қағида. Құтқару қызметтерінің әлеуетін арттыру және олардың жедел әрекет ету мүмкіндігін дамыту әрдайым күн тәртібінде. Бұл тек автопаркті жаңарту емес, қауіпсіз әрі орнықты қоғам қалыптастыруға бағытталған ұзақмерзімді инвестиция. Сонымен қатар, кадр мәселесі де назарда. Азаматтық қорғаныс саласында білікті мамандар даярлау үшін облыс әкімдігі арнайы гранттар бөледі," – деді С. Шәпкенов.

27 арнайы техника қатарында:
- 22 өрт сөндіру автоцистернасы (әртүрлі сыйымдылықтағы)
- АСА-20 апаттық-құтқару көлігі (ТЖ салдарын жоюға арналған жабдықтармен жабдықталған)
- Байланыс және жарықтандыру көлігі
- 2 жанармаймен жабдықтаушы көлік
- АЦЛ-30 өрт сөндіру көлігі (биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған механикалық сатысы бар)
- Манипулятор-эвакуатор
- АКП-70 VEMA автокөтергіші (биікте жұмыс істеуге арналған)
- Trackol Vega-409 6×6 жол талғамайтын көлігі
- АСО-20 арнайы техникасы бар.
Анықтама: 2024 жылы жергілікті және республикалық бюджет есебінен 91 техника мен 1 жүзу құралы сатып алынды.
В Атырау 0