
Ватиканда өткен Конклав кезінде Сикстин капелласының мұржасынан ақ түтін көтерілді, бұл жаңа Рим Папасының сайланғанын білдіреді, деп хабарлайды АА.
21 сәуірде Папа Франциск қайтыс болғаннан кейін және «Қасиетті Тақтың бос қалғаны» (Sede Vacante) ресми түрде жарияланған соң, кардиналдар – Католик шіркеуіндегі Пападан кейінгі ең жоғары діни тұлғалар – сайлаудың екінші күнінде, күндізгі отырыста 267-ші понтификті анықтады.
Белгілі болғандай, сайланған Папа 133 кардиналдың кемінде үштен екісінің дауысын алуы керек, яғни ең аз дегенде 89 дауыс жинауы қажет.
Ватикандағы Әулие Петр алаңында мұржадан шығатын түтінді күткен жүздеген діндарлар ақ түтінді қуанышпен қарсы алып, кейбіреулері көз жасына ерік берді.
Бұрынғы 266 Папаның 200-ден астамы италиялық болған. Алайда 2013 жылы алғаш рет Америка құрлығынан шыққан понтифик – аргентиналық Франциск сайланған еді.
АҚШ-тан келген кардинал Роберт Фрэнсис Прево жаңа Рим Папасы болып сайланды.
Ол Лев XIV есімін алды.
В Атырау +4