
8 мамыр, бейсенбі күні Литва Сеймі жаяу әскерге қарсы миналарды қолдануға, өндіруге және жинақтауға тыйым салатын Оттава конвенциясынан шығу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды АА.
Шешімді 107 депутат қолдады, үшеуі қалыс қалды. Бұл шешім алты айдан кейін күшіне енеді.
Литва Қорғаныс министрлігі елдің конвенциядан шығу ниетін наурыз айында жариялаған. Министрлік бұл қадамды қауіпсіздік жағдайының өзгеруімен түсіндірді.
Министрліктің пікірінше, жаяу әскерге қарсы миналардан бас тарту қорғаныс мүмкіндіктерін шектейді.
Қорғаныс министрлігі конвенциядан шығу ел аумағын қорғау шараларының тиімділігін арттырады деп санайды.
Литваның бұл жоспары туралы Польша, Эстония, Латвия және Финляндия хабардар етілді. Кейіннен бұл елдер де өздерінің конвенцияға қатысуын қайта қарауға дайын екендіктерін білдірді.
Литва 2003 жылы Оттава конвенциясын ратификациялаған.
Бұл құжат жаяу әскерге қарсы миналарды қолдануға, әзірлеуге, өндіруге, жинақтауға және таратуға тыйым салады.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әлемнің 32 елі, оның ішінде Ресей, АҚШ және Қытай бұл келісімге қатыспайды.
Сәуір айының соңында Латвия президенті Эдгар Ринкевич өз елінің конвенциядан шығу туралы заңына қол қойды.
В Атырау +4