Атырау, 29 желтоқсан 04:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

​Шетелдік дәрігер Атырауда алты балаға тегін ота жасайды

Бейнежазба
1 309 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр

Атырау облыстық балалар ауруханасында «Балалардағы жүре пайда болған және туа біткен жамбас-сан буынының ақауларын реконструктивті әдіспен емдеу» тақырыбында медициналық шеберлік сағаты өтті. Іс-шараға Түркиядағы «LIV Hospital» клиникасының ортопед-дәрігері, хирург, доцент, медицина ғылымдарының докторы Шенол Бекмез қатысты.

Шеберлік сағаты аясында 6 балаға жоғары білікті медициналық көмек көрсетіліп, күрделі көпдеңгейлі ота жасалады. Сонымен қатар Қазақстанның 12 дәрігері реконструктивті операциялардың инновациялық әдістемелері бойынша оқудан өтеді. 

Іс-шара “Милосердие” қайырымдылық қорының бастамасымен және “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Қоғамдық қор жетекшісі Аружан Саин мұндай іс-шараның елімізде алпыс бірінші рет ұйымдастырылып жатқанын айтты.

- Бүгінгі шеберлік сағатының ерекшелігі — атақты хирургтың өзі Атырауға келіп, күрделі операцияларды жергілікті жерде жасауы. Оның үстіне балалар шетелге бармай-ақ, осы жерде емделе алады. Біз үш күн ішінде 6 балаға тегін күрделі ота жасаймыз, - деді Аружан Саин.

Сондай-ақ шеберлік сағатқа Мәскеу, Алматы қалаларынан білікті дәрігерлер келіп қатысты. Ота жасайтын бас дәрігер Шенол Бекмес бұған дейін Атырауға төрт рет келіп, осы ауруханада балаларға ота жасаған.

- Біздің мақсатымыз – заманауи технологияларды пайдалана отырып, науқастардың өмір сапасын арттыру және қозғалу мүмкіндігін қалпына келтіру, - деді хирург.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев шетелдік мамандарға және ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, мұндай игі бастамалардың өңірлік медицинаға зор үлес қосатынын атап өтті.

8 мамыр, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.