Атырау, 29 желтоқсан 04:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Атырауда 30-ға жуық жаңа балалар алаңы салынады

1 385 рет қаралды

Атырауда абаттандыру бағдарламасы жалғасуда: қаладағы түрлі аудандарда 30-ға жуық жаңа балалар алаңы салынып жатыр. Олардың құрылысына бөлінген жалпы қаражат 724 миллион теңгеден асады.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, алаңдар Береке, Көкарна, Кұрсай, Жұмыскер, Авангард, Геолог, Сарыарқа көшесі және басқа да шағынаудандарда орналасады. Алаңдардың көлемі әр ықшамауданда әртүрлі - 20×15, 20×20 және 40×25 метрге дейін. Ал екі ойын кешені ерекше, кеме пішінінде болады деп жоспарланған.

Жобаны жүзеге асырып жатқан мердігер — "BERKUT Holding" ЖШС. Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа сүйенсек, биыл салынып жатқан ойын алаңдарына 724 432 587 теңге бөлінген. 

Айта кетейік, дәл осындай 15 ойын кешені көлемі 12×12 метр алаңды қамтып, 2024 жылы Өркен, Нұрсая, Зарослый, Алмагүл, Авангард, Привокзальный және Атырау шағынаудандарында пайдалануға берілген.

Дегенмен, бұған дейін салынған нысандардың барлығы сапалы деп айтуға келмейді. Дамбы ауылдық округінде былтыр ғана пайдалануға берілген ойын алаңының төсеніші бір жыл толтай үгітіліп қалған еді. Тұрғындар құрылымның тез тозып, балалар үшін қауіпсіз емес екенін айтып шағымдануда.

Енді жаңа алаңдар ұзақ уақыт қызмет етіп, қаланың көркін келтіреді деп үміттеніміз.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

8 мамыр, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.