Атырау, 5 желтоқсан 08:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жеңістің 80 жылдығына орай Путин жариялаған бітім күшіне енді

1 158 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Ресей президенті Владимир Путин жариялаған Жеңістің 80 жылдығына арналған уақытша бітім күшіне енді. Атысты тоқтату 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні басталып, 10 мамырдан 11 мамырға қараған түні аяқталады, деп хабарлайды Коммерсантъ.

Бұған дейін Владимир Путин алдын ала шартсыз бейбіт келіссөздерге дайын екенін, олардың Украинадағы дағдарыстың түпкі себептерін жоюға және халықаралық серіктестермен конструктивті ынтымақтастық орнатуға бағытталатынын мәлімдеген болатын.

Украина Сыртқы істер министрлігі бұған жауап ретінде кемінде 30 күнге созылатын ұзақ мерзімді атысты тоқтатуды қолдайтынын білдірді.

8 мамыр, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.